Бұл қиын. Бірдеңе істегенде бірінші кезекте әрқашан қиын. Қателіктер жасау өте жағымсыз, әсіресе топтық жұмыс істесеңіз. Барлық open source проекттер ынтымақтастық пен бірегей жұмыстан тұрады. Біз бастаушы әзірлеушілер үшін оқыту мен бірлесіп жұмыс істеудегі алғашқы қадамдарды жеңілдеткіміз келеді.
Оқулықтарды және мақалаларды оқуға әрқашан болады, бірақ іс жүзінде тәжірибе ортасында жұмыс жасаудан гөрі не жақсы? Бұл жобаның мақсаты - жастарды дұрыс жолға қою, сондай-ақ оларға алғашқы үлес қосуға мүмкіндік беру. Егер сіз өзіңіздің алғашқы үлесіңізді жасау мүмкіндігін іздесеңіз, төмендегі қарапайым қадамдарды орындаңыз. Біз уәде етеміз, бұл қызықты болады.
Егерде сіздің компьютеріңізде git қосылмаған болса, оны қосыңыз
Өзіңіздің тармағыңызды жасау үшін, беттің үстіңгі жағындағы fork
түймесін басыңыз. Осылай сіз осы репозиторийдің өзіңіздің аккаутыңызда копиясын жасайсыз.
Енді бұл репозиторийді өз дербес компьютеріңізге клодаңыз. Сілтемені көшіру үшін clone
батырмасын басыңыз, содан кейін copy to clipboard
белгішесіне басыңыз.
Терминалды ашып, келесі git пәрмендіні іске қосыңыз:
git clone "url you just copied"
Бұл жерде "url you just copied" (тырнақшасыз) сіздің репозиторийңізге сілтеме. Бұл сілтемені алу үшін алдыңғы қадамдарды қараңыз.
Мысалы:
git clone https://github.com/this-is-you/first-contributions.git
Бұл жерде this-is-you
сіздің github-тағы логин. Осылайша GitHub-тан сіздің компьютеріңізге 'first-contributions' репозиторийін көшіресіз.
Егер сіз әлі сол жерде жоқ болсаңыз, компьютердегі репозиторий каталогына өтіңіз.
cd first-contributions
Енді git checkout
команданың көмегімен тармақты құрыңыз.
git checkout -b <add-your-name>
Мысалы:
git checkout -b add-alonzo-church
(Синтаксистік түрде тармақта add сөзі болуы қажет емес, бірақ ол осы тармақтың мақсатына баса назар аударғандықтан негізделеді - атыңызды тізімге қосу.)
Енді мәтіндік редакторда Contributors.md
файлын ашыңыз, атыңызды енгізіңіз және файлды сақтаңыз. Егер сіз жобалық каталогқа барып, git status
орындасаңыз, өзгертулерді көресіз. Бұл өзгертулерді git add
командасымен қосыңыз.
git add Contributors.md
Енді бұл өзгерістерды git commit
командасымен коммиттаңыз.
git commit -m "Add <your-name> to Contributors list"
<your-name>
өзіңіздің атыңызға ауыстырыңыз
Өзгерістерді git push
командасымен пуштаңыз
git push origin <add-your-name>
<Add-your-name>
дегенді бұрын құрылған тармақ атына өзгертіңіз.
Егер сіз GitHub-тағы репозиторийге кірсеңіз, Compare & pull request
батырмасын көресіз. Оны басыңыз.
Енді пулл-реквестті растаңыз.
Көп ұзамай мен осы жобаның негізгі бөлімімен барлық өзгерістерді біріктіремін. Өзгерістер қабылданған кезде (мердж жасалғанда) электрондық хат аласыз.
Төменде сіз жаңадан келген тапсырмаларды таба алатын бірнеше танымал репозиторийлер бар. Қосымша ақпарат алу үшін репозиторийге барыңыз.